28.03.2016, 18:01
Оқылды: 32

Көлік қағып кеткен тәртіп сақшысы ауруханаға түсті

 dtp  26 наурыз күні кешкі сағат 21.50-де Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы орталығы Қазталов ауылындағы Ш.Шарафеддинов көшесінде қызмет бабымен жүрген 1993 жылғы Т. деген учаскелік инспекторды Daewoo Nexia маркалы жеңіл автокөлігінің 1980 жылғы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, тәртіп сақшысын қағып кеткен.


Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған учаскелік инспектор Орал қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізіліп, емделуде.

Қазіргі уақытта оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале