5.02.2016, 19:13
Оқылды: 19

Көлік құралдары қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор

Steskov   Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес көлік құралдары қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексовтың төрағалық етуімен техникалық реттеу мәселелері талқыланған өңірлік штабтың кеңейтілген отырысында айтылды.



ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев бастаған жұмыс тобы қатысқан отырыста «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК техникалық хатшылық бөлімінің басшысы Ақылбек Теңізбаевтың мәлім еткеніндей, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіз­дігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бұрын қолданыста болған көлік құралдарының қауіпсіздік мәселелері көлік құралдарын техни­калық тексеру туралы ұлттық заңнамамен ретте­леді. Техрегламент бойынша Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кедендік одаққа мүше мемлекеттер нарығында өнімдерді бірыңғай айналым белгісімен маркалауға қойылатын талаптар, көлік құралдары түрлерінің сәйкестігін бағалау үрдістері, қауіпсіздік талаптары, дөңгелекті көлік құралдарын нарықта пайдалануға беру немесе олардың айналымы ережелері бекітілген. Сондықтан бастапқы кезеңде Беларусь және Ресейдің сынақ базаларын пайдалану арқылы шешу көзделген. Алдағы уақытта елімізде мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттары бойынша дөңгелекті көлік құралдарының сынақ полигондары бар техникалық орталықтар құру көзделуде. Шағын су кемелерінің қауіпсіздігін сақтау бойынша да техникалық реттеу талаптары қолданылмақшы.

Жиында сондай-ақ мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік нысандарындағы сыйымдылықтарды жабдықтау, мұнай өнімдерін сақтау базаларындағы және жанар-жағармай құю стансаларын (жылжымалы үлгідегі жанармай құю стансаларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру талаптары түсіндірілді. ҚР Үкіметінің өткен жылғы 27 маусымдағы №484 қаулысына сай аталмыш нысандардағы бақылау құралдарын заңдылыққа сәйкестендіріп, біріздендіру мәселесін жүзеге асыру жайы пысықталды.

Жұмыс тобы мүшелері сапар барысында индустрияландыру картасы аясында жұмыстанып жатқан «Орал трансформатор зауыты» және «Батыс Пауэр» ЖШС-ның тыныс-тіршілігімен танысты.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале