21.10.2015, 18:00
Оқылды: 35

Көнеккеткен бір  «сілкінді»

КонеккеткенАқжайық ауданының Көнеккеткен ауылында «Таза ауыл үшін» еңбек сағаттары ұйымдастырылды.

11 мекеме, 7 шаруа қожалығы ұжымдарынан 275 адам, мектептің 140 оқушы осы шараға ықыласпен атсалысты. Тазалық жұмыстарына тіркемемен 8 трактор, сондай-ақ «ГАЗ–53», «УАЗ», «Нива» көліктері тартылды.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, шаруа қожалықтарының жетекшілері А.Абдулов, Н.Есболатов, Н.Қадырғалиев, Н.Мұқанов, Е.Өткелбаев, жеке кәсіпкер Р.Гиждуаниев, сондай-ақ көлік иелері Т.Сапарғалиев, М.Мергалиевтер халықтың жігеріне жігер қосып, техникамен, жанармаймен сүбелі үлестерін қосты.

Көнеккеткен бұл күні 175 тонна қалдық-қоқыстан тазартылып, бір «сілкінді». Қатысушыларға ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ұлдаш Зайдағалиқызы ризашылығын арнады.

Мұндай тазалық сағаттары алдағы күндерде де өткізілмек.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале