7.07.2016, 17:19
Оқылды: 52

Көпжасар ауылында модельді кітапхана ашылды

Janakala mobildi kitaphanaТаяуда Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылдық округіндегі мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Көпжасар ауылдық модельді кітапханасының ашылу салтанаты өтті.


Бұл аудан бойынша ашылып отырған бесінші модельді кітапхана. Жиынға аудан әкімі Лавр Хайретдинов,  Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Роза Исатаева, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Звайда Өтешова және ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты шарада алдымен сөз алған аудан әкімі Л.Рашидұлы жүрекжарды тілегін жеткізді.

Бұдан кейін құттықтау сөз сөйлеген Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Роза Жақияқызы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайыновтың Көпжасар ауылдық кітапханасына модельдік кітапхана статусы берілгендігі туралы сертификатты ауыл кітапханашысы А.Сүйінішқалиеваға табыс етті. Ал ауыл тұрғындары атынан кітапхананың тұрақты оқырманы Сидағали Қойшығалиев құттықтау сөз сөйлеп, ризашылығын білдірді.

Лента қию рәсімінен соң қонақтар мәдениет үйінің фойесінде орналасқан «Кітапханалық подиум» атты модельді кітапханалар шеруіне назар аударды. Кейін жаңадан ашылған модельді кітапхананы аралап, ондағы бөлімдермен танысты.

Айта кетсек,  2014 жылы Бірлік ауылы мен 2015 жылы Қызылоба, Пятимар ауылдарындағы кітапханалар модельді кітапхана мәртебесіне ие болды. Солардың бір жалғасындай, қасиетті ораза айт мейрамында шымылдығын түрген Көпжасар ауылдық модельді кітапханасы ауыл халқы үшін үлкен сый болғаны анық.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ
Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале