4.09.2015, 12:38
Оқылды: 19

Көпке қолайлы жәрмеңке

Janakala jarmenke   Жаңақала аудан орталығындағы «Сапар» базары аталып кеткен орталық базарда  Жаңақала ауылдық округі мен С.Меңдешев атындағы ауылдық округі әкімдіктері ұйымдастырған жәрмеңкеге өтті.  Жәрмеңкеде азық-түлік тауарлары мен бау-бақша өнімдері, төрт түліктің еті мен сүті, мал азығына дейін сатылды. Күнделікті дүкен сөрелеріндегі тауарлардың бағасы жәрмеңкеде 20-50 пайыз аралығында арзан бағамен саудаланды. Нарық  заңына әбден төселіп алған «Сабен» жеке кәсіпкерлігі 2 жерден сату орынын әзірлеп, халықты тауарларының көптігімен де, арзан бағасымен де жинап алды. Қырқопа ауылынан келген А.Бижанова ұлттық тағамдарымызды сатуға әкеліпті. Оның әкелген құрт, қаймақ, сүзбесі лезде-ақ таусылып қалды. Ауылдасы М.Камиева сиыр етінің 1 килограммын 900-800 теңгеден сатса, «Шакрат» ЖК қазы өнімінің әр килограммын 2500 теңгеден саудалады.

Аудан тұрғындары мен қонақтарының сұранысына көбірек ие болған тауар-балық өнімдері. Жайын, сазан және табан балықтары 150 теңгеден 400 теңге аралығында саудаға түсті. Бақша өнімдерінен қызанақ 55 теңгеден, қарбыз 25-50 теңге аралығында, қауын 55-80 теңгеден сатылды. Тірілей қой  сатып аламын деушілердің де сұранысы қанағаттандырылды, әсіресе, жүні қырқылған былтырғы тоқтылар саудагерлердің бір соқпай кетпейтін жеріне айналды. Мал азығы да жәрмеңке маңынан табылды. Уақ жемнің қапшығы 1600-1700 теңгеден болса, құрақтың құшағы 250-300 теңгеден сатылды. 250 килограммдық рулон шөпті сатушылар бағасын 2500 теңгеден саудалады. Алдағы сенбі күндері де басқа ауылдық округтердің әкімдіктері дәл осындай жәрмеңке ұймдастыратын болды. «Іздегенге-сұраған» дегендей, сатушы да, сатып алушы да дән риза болатын жәрмеңкеден құр қол қайтпасақ болғаны.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале