22.06.2015, 18:13
Оқылды: 25

Көптен күткен той

Kadir Mirzaliev  Осы аптаның аяғына қарай, яғни сенбі және жексенбі күндері облыс  жұртшылығының көптен күткен мерекесі оздырылмақ. Ол - қазақтың мақтанышы, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығына орай ақын¬ның ескерткіші мен мерейтой иесінің атындағы мәдениет және өнер орталығының ашылу салтанаты. Ол  Орал қаласында өтеді.

Исі қазаққа сауын айтқан осынау ақын тойына еліміздің түкпір-түкпірінен құрметті қонақтар келеді. Олардың арасында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болады деп күтілуде.

27 маусымда ертеңгілік сағат 10.00-де Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет пен өнер  орталығының  және  ақын ескерткішінің ашылу салтанаты болады. Одан әрі орталықтың акт залында ақынның 80 жылдығына байланысты әдеби-сазды бағдарлама өтеді. Сол күні сағат 15.30-да облыстық қазақ драма театрында «Қадыр тағылымы» атты әдеби-сазды кеш басталып, сол жерде «Өлмес өлең» республикалық жырмүшәйрасы өзінің мәресіне жетіп, қорытындыланады. Кешкісін сағат 20.00-де Қ. Мырза Әлі орталығының амфитеатрында Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ-ұлт аспаптар оркестрінің  концерті  болады.

Ал  28 маусымда ақын тойы оның туған жері - Сырым ауданында одан әрі жалғасады. Сағат  ертеңгі 10.00-де Жымпиты ауылының орталығындағы алаңда Қадыр ақынға ескерткіш ашылады. Ауылдағы Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану мұра-жайында ақынның өмірі мен шығармашылығы  жылдарына арналған үлкен көрме жұмыс істеп, келушілерді қарсы алады. Аудандық мәдениет үйінде мерекелік концерт болады.

www.zhaikpress.kz

Өз  тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале