15.06.2016, 14:27
Оқылды: 20

Көпшілікке керекті кешендер салынбақ...

shingirlau kopshilikke kerekti keshen salynbak     Шыңғырлау ауданы орталығында фармацевтикалық кешен салынбақшы.

  Бұл туралы Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиевтың қатысуымен өткен инвестор болушы тараптардың кездесуінде айтылды. Бұған дейін де екшеліп, бүгінгі күні аудан орталығынан жер телімін алып, ауқымды құрылыстың жобалық-сметалық құжаттарын жинақтап жатырған «Утебаева» ЖШС-гі халық қажетін толыққанды өтеуге мүмкіндігі бар, заманауи талаптарға сәйкес келетін, жалпы аумағы 540 ш/м, қос қабатты жаңа ғимарат салмақшы.


   Аты айтып тұрғандай, жаңа кешенді орталықта фармацевтикалық өнімдер, оптика минисалоны, офтольмолог дәрігер кабинеті, тіс дәрігері кабинеті, әлемде аса бәсекеге қабілетті саналатын америкалық «General Electric Company» көпсалалы корпорациясының «УЗИ» аппаратымен жабдықталған кабинеттер болатындығын мәлімдейді жеке кәсіпкер, «Утебаев» ЖШС басшысы Ақсәнім Утебаева.

    Бұл жобаның да құжаттары жинақталу үстінде, жер телімі беріліп, жергілікті атқарушы орындар тарапынан қолдау көрсетіліп отыр. Ғимарат қос қабатты үлгіде салынбақ, ол жерге аудандық кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлер палатасы, офистік кабинеттер топтастырылатын болады, яғни, тілек білдірген кейбір кәсіпкерлердің әкімшілік кабинеттері де орналаспақшы.

   Аудан әкімі А.Есалиев кәсіпкерлерге ауданға инвестиция салып, халық сұранысына қажетті нысандар ұсынатын жобаларын қолдайтынын білдіріп, жобалық-сметалық құжаттарын тез бітіріп, құрылыс жұмыстарын шұғыл бастауды қадап тапсырды. Жаз айларының тез жылжитынын ескерте келіп, құрылысты да жіті орындауды міндеттеді, сондай-ақ құрылысқа жергілікті кәсіпкерлердің шығарып отырған, айта кету керек, сапасы жоғары және бағасы тиімді құрылыс материалдарына тапсырыстар беруге болатынын ескертіп өтті.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале