9.09.2016, 16:56
Оқылды: 124

Көп балалы аналармен кездесу өтті

img_1579          Атам қазақ «Қызым келіннен, ұлым елімнен ғибрат алып өседі» деп көрегендікпен айтқан. Бұл арада халқымыз көргенді ұл мен көргенді қыз тәрбиелеу мәселесін басты орынға қойып отыр. Бүгінгі бүлдіршін қыз ертең бойжетіп, бір үйдің босағасын аттап, келін болары хақ. Ал «келінді аяғынан» деп санайтын қазекем әу бастан-ақ жаңа түскен келінге сын көзбен қарайды. Ал отбасында тәлімді тәрбие алып, ибалылық пен инабаттылықты жанына серік еткен қыз бала барған жерінде бағы ашылып, сыйға бөленеді

Осыған орай «Отбасы күні»   мерекесіне орай 9 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Өнегелі -  ене, көрегенді  - келін» атты көп балалы аналармен кездесу  өтті.

Кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева және аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина,-  біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болып табылады. “Отан - отбасынан басталады” деп бекер айтылмаған, адам баласына берілетін тәрбиенің негізі отбасында қалыптасып, үлкен өмірге де осы шаңырақтан қанаттанады. Ендеше  шаңырағымыздан  сәбидің күлкісі кетпей, әр жанұяға бақыт, береке тілейміз,-  деген тілектерін жеткізді.

Шараға Әжібай ауылынан әжеміз Сайран Дүйсенғалиева үлкен келіні Гүлсарамен, Бостандық ауылынан Қантай Ахметсафина кенже келіні Гүліммен, Қазталовтан облыстық «Мерейлі отбасы» байқауында «Спортшы» номинациясына ие болған Бектұрғановтар отбасының  келіні Кәмшат Молдағалиева және Қазталовтан Айтқаным Дүйсенованың келіні Гүлдана Дәулетова  қатысып, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас  туралы ой өрбітті.

Сондай-ақ кездесуде  «поэзия» ханшайымы  Күләш апай  ене мен келін туралы поэзиядан сыр шертсе, келіндер өз өнерлерін көрсетіп, әннен шашу шашты.

Сонымен қатар келіндер өз отбасылары туралы бейнекөрініс даярлап, көрермендердің назарына ұсынды.

Шара соңында аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина  аналарымыз бен келіндерімізге алғысын білдіре отырып, сыйлықтар табыстады.

Әсем Болат

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале