15.03.2016, 20:45
Оқылды: 19

Көрісу айт көшеде тойланды

????????????????????????????????????

  Тасқалада «Мир» кинотеатрының алдында «Екпін» қоғамдық-саяси газеті мен аудандық мәдени ойын-сауық және спорт клубының ұйымдастыруымен Көрісу айт мейрамына орай «Бір жасыңызбен!» атты мерекелік шара өтті.  Шараға аудан әкімі Санжар Әлиев, мекеме басшылары және ауыл ақсақалдары қатысты.


Бұрын соңды ауыл ішінде ағайындардың бір-біріне көрісуінен әріге ұласа қоймайтын бұл  мерекенің осындай сипатта тойлануы аудан орталығының тұрғындары үшін керемет әсер қалдырды.

Таң атысымен жиналған қос ұжым қазан көтеріп, көрісіп келетін ауыл тұрғындарына ыстық бауырсақ пісіріп, жиналғандарға көже таратты. Сонымен қатар аудандық өнерпаздардың орындауындағы ұлттық ән-күйлермен қатар, қанталапай, аударыспақ, қол күресі секілді спортық ойындар ойнатылды. Ұлттық ойындардан аудан әкімі Санжар Жұматайұлы бастаған атқамінерлер мен қатар ауыл ақсақалары да қалыс қалмай бірі қанталапайдың асығына таласып, бірі білек күшін сынап мереке көрігін қыздыра түсті. Берілген тәттілерді қалталарына сүңгіте салып, аударыспақ үшін қойылған спорттық снарядқа тақым тигізу үшін кезекке тұрған балалардың нөпірі де қалың болды. Жалпы қандай мерекенің, қандай тойдың болмасын сәні балалардың қуынышты күлкісі болса керек.

Еліміз теуелсіздік алынғалы, өлгеніміз тіріліп, ұлттық мерекелеріміз қайта жаңғырып жатыр. Соңғы жылдарда мүлдем жаңа қарқында тойланып жүр. Оған ауданымызда өткізіліп жатқан дәл осындай шаралар куә.

www.zhaikpress.kz

Рауан САТЫБАЛДИЕВ,

Тасқала ауданы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале