14.03.2016, 17:46
Оқылды: 27

Көрісіп, ақсақалдардан бата алды

????????????????????????????????????

 Бұйыртса, сай-саланы суға толтырып, астан-кестен еритін де кез алыс емес. Батыс өңірі Наурыз ме­ре­кесін, жылдың жаңару мез­гілін тойлауды бас­тап та кет­ті. Біздің жақта 14 наурыз –жыл басы, көрісу айты. Бұл күні ауыл жақта кә­дім­гі­дей үлкен мереке болып жатады.

Осы мақсатта Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, Жалпақтал ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғилым Едекешев ауылымыздың Әлібек Қоңырбаев, Шәріп Хайруллин, Мұқсен Бақтыгереев секілді  еңбек және дербес зейнеткерлердің шаңырақтарында болып, арнайы көрісіп, амандық-саулық сұрасып, жасы үлкендердің батасын алды.


Мұнан кейін Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемесінде болып, мұндағы егде жастағы қамқорланушыларды 14 наурыз Көрісу айт мейрамымен құттықап, игі тілегін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале