14.03.2016, 17:48
Оқылды: 26

Зеленовта Көрісу мерекесі кеңінен тойлануда

????????????????????????????????????

 Көктем шуағымен келетін көрісу мерекесі Зеленов ауданында кеңінен тойлануда. Таң сәріден бастап, аудан орталығындағы барлық мектептер мен мекеме-ұйымдар шағын дастархан жайып, келушілерге «Бір жасыңызбен» деген тілектекрін білдіріп, ақтан дәм татқызуда. Ел іші арқа-жарқа.


Алыстағы жақындатып, жақындағыңды татуластырар мерекені аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы да кең көлемде атап өтуде. Жас кітапханашы Назерке Тастайбектің ұйытқы болуымен қолға алынған шараға келген аудан ақсақалдары мен ақ жаулықты апалар жайылған дастарханнан дәм татып, өнегеге толы әңгімелерін айтса, мәдениет үйі мен саз мектебінің өнерпаздары ән мен күйден шашу шашты.

Шара соңында ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірген ауыл үлкендері баталарын беріп, жиналған ағайынды келе жатырған Наурыз мерекесімен құттықтады.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале