20.07.2015, 20:11
Оқылды: 20

Көтеріңкі көңіл сыйлаған кеш

Sirim baldar   «Біз кішкентай жұлдызбыз, өнегелі ұл-қызбыз» деген атты ұрандатқан аудандық «Достық» жазғы демалыс лагерінің демалушылары өткен сенбі күні Сырым саябағында кереметтей көтеріңкі кеш өткізді.

«Достық шақырады» деп аталған кешті ең талантты деген оқушылар жүргізіп, кеште Еуразия телеарнасындағы «Добрый вечер Казахстан» бағдарламасы желісінде өнер көрсетті. Ортада Республикалық телевизиялық «Айгөлек» байқауының лауреаттары, «Еркеназ» тобының бишілері «Шалқыма» қазақ биімен, облыстық «Жайдарман» ойынының жеңімпаздары, Республикалық телевизиялық «Арнайы жобаға» қатысушы «Сары бүркіт» командасы өздерінің қалжынды әзілдерімен көпшілікті күлдірді. Ал жас өнерпаз әнші, бишілер саябақ ішін әнге бөледі.

Кеш соңында «Қазақстан, алға, алға!» флешмоб биін барлық көрермен қауым  лагерь демалушыларымен бірге биледі.

Ауыл тұрғындарына осындай кешті ұйымдастыруға аудандық білім беру бөліміне қарасты «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» ұйытқы болды.

www.zhaikpress.kz

М.Мәлікқызы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале