26.09.2015, 16:02
Оқылды: 21

Көшпелі отырыста көшелі ой қозғалды

 

SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Сырым ауданы әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы Тоғанас және Бұлдырты ауылдық округтерінде өтті. Көшпелі комиссия  8 айда атқарлыған істердің қорытындысы, ауылдық округтегі құқық бұзушылық, жастар арасындағы құқық бұзушылық мәселелері көтерілді. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы А.Алмұханов аудандағы құқық бұзушылыққа қатысты ахуалды баяндады. Тоғанас ауылдық округінің әкімі Т.Айтқалиев, Бұлан ауылдық округінің әкімі Т.Ихсанов, Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Е.Мақашев, Қособа ауылдық округінің әкімі Ж.Сатаев,Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қ.Төлепов және округтердің учаскелік инспекторлары округтердің жайы туралы хабарлама жасады.

Қос округте өткен көшплеі отырысты қорытындылаған аудан басшысы А.Шыныбеков мал басын бірдейлендіруді күшейту, учаскелік инспекторлардың жұмыс жасауына жағдай туғызу үшін қызметтік пәтер мен автокөлікпен қамтамасыз ету, аудан орталығында велотұрақ орнату, мектептегі тәрбие жұмысын көбейту, жолы жөнделген Бұлдырты, Жымпиты ауылдарындағы жол қозғалысын қалпына келтіруге қатысты тапсырмалар берді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале