10.06.2016, 12:06
Оқылды: 34

Көшпелі қоғамдық қабылдау

taskala koshpeli kogamdyk kabyldau   «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалы, аудан прокуратурасы мен Батыс Қазақстан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы  Тасқала ауданындағы филиалы бірлесіп, Шежін, Мереке, Қосшы ауылдық округтерінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Шараға аудан прокуроры Арон Ақпанов, филиал төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы  Тасқала ауданындағы филиалының директоры Арман Жортабаев қатысты.


   Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындарының ішінде заңгерлік көмек сұрап келгендердің саны басым болды. Олармен аудан прокуроры Арон Ақпанов түсінік жұмыстарын жүргізіп, кейбір мәселелер бойынша бірден нақты шешім қабылданды.

   ІІ Шежін ауылының тұрғыны А.Байсариева өзі шағымданған ісі бойынша бірден прокурордың атына арыз жазып, мәселенің оң шешім табатынына сенім білдірді. Мереке ауылында қоғамдық қабылдауда болған Г.Мартынов заңсыз аңшылық орын алып отырғандығын алға тартып, құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс жасау жөнінде бастама көтерді. Қосшылық ағайын жер мәселесіне қызығушылық танытты. Д.Бегалиев тұрғын үй салуға арналған жер телімдерінің берілу жолдарын нақтылап сұрап білді. Көшпелі кеңес алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

www.zhaikpress.kz
М.Әжіғалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале