5.04.2016, 19:29
Оқылды: 26

Көшім бекетінде заңсыз балық тасымалдаған Ақжайық ауданының тұрғыны ұсталды

Zelenov palege kaldirgan      Зеленов ауданына қарасты Көшім бекетінде заңсыз балық тасымалдамақ болған Ақжайық ауданының тұрғыны ұсталды.


     43 жастағы Ж. есімді азамат тізгіндеген «Газел» автокөлігін тінту барысында қажетті құжаттары рәсімделмеген 2818 кг балық табылған. Тергеу жүргізу барысында тағы бір күдікті қамауға алынған. Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке сүйенсек, ол Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылының 44 жастағы азаматшасы.

      Тергеу амалдары жалғасуда.

 www.zhaikpress.kz

Д.ДЕРБІСАЛЫ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале