26.03.2016, 22:46
Оқылды: 26

К.Мәсімов өңір активіне БҚО-ның жаңа әкімін таныстырды

Maasimov   ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Батыс Қазақстан облысының активіне Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған өңірдің жаңа басшысы Алтай Көлгіновты таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz.


Одан бұрын Кәрім Мәсімов облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ҚР Президентінің Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына Алтай Көлгіновты ұсынуы туралы хатын оқыды. Аталған кандидатураны депутаттар бірауыздан қолдады.

Премьер-Министр сондай-ақ бұрынғы әкім Нұрлан Ноғаевқа атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, Атырау облысы әкімі қызметінде табыстар тіледі.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале