9.06.2016, 18:19
Оқылды: 86

Лагердің салтанатты ашылуы шарасына аудан әкімі қатысты

Sirim Bylan lager   Бұлан ауылдық округіндегі аудандық «Достық»  жазғы демалыс лагері өзінің жұмысын бастады. Лагердің салтанатты ашылуы шарасына аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысты.


   «Достық» жазғы демалыс лагері 10 кезеңде 500 баланы жазғы демалыспен қамтиды деп жоспарланған. Лагерде балалардың алаңсыз демалуы үшін барлық қолайлылық жасалған. Мәселен, лагердің негізгі ғимаратының екінші қабатындағы есіктер мен терезелер толықтай жаңартылған. Ғимарат алдына өрнектас төселген. Ұзындығы 240 метр болатын дуал тұрғызылды.  Осы көктемде Сырым аудандық «Жас туристер станциясы» мекемесінің ұжымы өз күштерімен асхана ғимаратын салып, пайдалануға берді. Бұл ұжым былтырғы жылы лагерь демалушыларына арналған моншаның құрылысын да өздері жүргізген. Аудандағы туризм саласы қызметкерлерінің осындай оңды жұмыстары қандай мақтауға да лайық.  Айтпақшы, лагерь ауласына осы жазда құрастырмалы хауыз орналастырылатын көрінеді. Осылай, осылай аудандағы стационарлық лагерь мәселесі де шешіліп келе жатқанға ұқсайды.

   «Достықта» аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен немесе көпбалалы отбасылардың балалары мен дарынды оқушылар демалады. Лагердегі демалушыларға арналған бағдарламалардың мазмұнды болуын аудандық «Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы» мекемесі өз мойынына алып отыр.

   Осы демалыс маусымында аудан бойынша Шідерті өзені жағасында орналасқан туристік – өлкетану бағытындағы «Жас турист» шатырлы лагері мен Бұлдырты ауылдық округіндегі бейіндік «Дарын» лагері жұмыс жасайды. Бұлардан бөлек, 21 мектепішілік лагерь айдың басында – ақ жұмысқа кіріскен.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале