6.10.2015, 16:16
Оқылды: 21

Лайықтылар анықталды

Bokei songi07   Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваның кабинетінде аудан басшысы Н.Рахымжановтың өкіміне сай ауылдық округтер арасында өтетін «Үлгілі аула», «Үздік кіреберіс», «Таза көше» конкурстық комиссияның қорытынды отырысы оздырылды.

Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде жеңімпаз болып танылғандар: «Үлгілі аула», «Үлгілі кіреберіс»  аталымдары бойынша:

І орын М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп, ІІ орын аудандық аурухана, ІІІ орын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Ұялы ауылдық округі әкімдігіне бұйырды.

Тұрғын үйлер арасынан: Арон Каукешевтің ауласы І орын, Шынтемір Лайықовтың ауласы ІІ орынға (екеуі де Бисен), Айболат Дүйсенғалиевтің ауласы (Сайқын) ІІІ орынға лайық деп танылды.

«Таза көше» аталымы бойынша І орын Бисен Жәнекешев атындағы көшеге (Сайқын), ІІ орын Хамит Маданов атындағы көшеге (Ұялы) бұйырды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімін конкурсқа қатысуға құжат тапсырған Сайқын, Бисен, Ұялы ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асыратын болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале