10.08.2015, 20:09
Оқылды: 28

Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу

IMG_0836ҰҚК Сырым аудандық бөлімшесінің  ұйымдастыруымен  аудан орталығында терррористік  актіге қарсы дайындықты пысықтау мақсатында оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.

Оқу-жаттығу жұмыстарына Сырым аудандық терроризмге қарсы операцияларды өткізу жедел штабының жетекшісі С.Бірімжаров пен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының міндетін уақытша атқарушы М.Әубәкіров басқарып, қадағалады.

Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің күзетшісінен ішкі істер бөліміне дабыл түсіп, ішкі істер бөлімі қызметкерлері оқиға болған жерге барып, нақтылап,  кезекшіге шығып, одан ішкі істер бөлімі бастығы мен Сырым аудандық ҰҚК бөлімшесіне хабар берілді. Жедел топ дереу жиналды.  Екі адам террорлық акті ұйымдастырып, бес адамды кепілге алды. Оқу-жаттығу барысында жарақаттанған адамдар құтқарылып, жедел көмек көрсетілді.

IMG_0852Оқу-жаттығу жұмыстары аяқталған соң, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Сырым аудандық терроризмге қарсы операцияларды өткізу жедел штабының жетекшісі, ҰҚК Сырым аудандық бөлімшесінің бастығы Серік Бірімжаровтың төрағалығымен жиын өтті.

Сырым аудандық прокуратурасы,  аудан әкімінің аппарат басшысы, төтенше жағдай, өртке қарсы қызмет, ішкі істер, ішкі саясат бөлімдері,  жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, ауыл әкімдігі, газ тарату  бөлімшесі тізе қосқан жиында Серік Болатұлы жоспарға сай терроризмнің алдын алу бағытындағы оқу-жаттығудың мақсаты жедел штабтың жұмысын пысықтау екенін айтып, жедел штабтың әрбір тобының мақсатын түсіндіріп, кейбір нәрселерді әлі пысықталу қажеттігін айтты.

www.zhaikpress.kz

Шынар ЯУДАҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале