19.11.2016, 12:20
Оқылды: 29

«Мəңгілік ел-болашағы біртұтас ұлттың рухани негізі»

%d1%81%d0%b0%d0%ba%d0%b5-%d0%bf%d0%be%d0%b5%d0%b7%d0%b4  Достық үйінде «Мəңгілік ел-болашағы біртұтас ұлттың рухани негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға «Менің Қазақстаным» поезымен келген ғалымдар, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ облыстық басқарма, этномəдени бірлестік, саяси пария, ҮЕҰ басшылары, ЖОО оқытушылары қатысты. Жиынды ашқан облыс əкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Александр Əжіғалиев бұл шараның мақсаты «Мəңгілік ел» патриоттық актісі идеясын популизациялау жəне дамыту екенін атап өтті.


  Жиын барысында «Мəңгілік ел» идеясы, ел тəуелсіздігінің 25 жылдығы ішінде қолжеткізген табыстар турасында Астана қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор Қазбек Қазкенов, Қазақстан халық Ассамблеясының мүшесі, республикалық түрік этномəдени бірлестігінің төрағасы Əскер Переев, БҚМУ, ҚазИИТУ оқытушылары Даниял Танзенов, Сəкен Исағалиев өз ойларын білдірді. Поез мүшесінің бірі, өңіріміздегі кəріс этномəдени бірлестігінің төрағасы, облыстық мəслихаттың депутаты Максим Пак еліміздегі ұлтаралық жəне конфессияаралық келісім жөнінде баяндады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале