27.09.2016, 11:25
Оқылды: 27

Македонияда өткен халықаралық фестивальдің жеңімпазы атанды

%d0%b1%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%81%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b-%d0%b4%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%b0-%d1%82%d0%b5%d0%b0%d1%82%d1%80   Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Македонияның Велес қаласында өткен «Стоби - 2016» антикалық драма театрларының ХV халықаралық фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.


   Аталмыш қазақ театрынан түскен мәліметке қарағанда, батысқазақстандық ұжым көне грек драматургі Еврипидтің әйгілі шығармасы негізінде «Троя аруларын» сахналады. Қойылымды велестік көрермендер мен театр сыншылары өте жылы қабылдады.

  Гран-приге қоса «Троя аруларын» қойған тараздық белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов «Ең үздік режиссура», Гекуба бейнесін сомдаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Есалиева «Ең үздік әйел образы» аталымдарын жеңіп алды.

   Айта кетейік, батысқазақстандық театр дәл осы спектакльмен 2015 жылы Керчь қаласында 5-10 маусым аралығында өткен «Боспорские агоны» халықаралық антикалық өнер фестивалінің де бас жүлдесін иеленген болатын. Сондай-ақ сол жолы да Б.Есалиева  «Ең үздік әйел бейнесі үшін» аталымын иеленген еді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале