24.06.2015, 16:11
Оқылды: 22

Малдың амандығы – жанның амандығы

Janibek veterinaria    Жәнібек ауданының ветеринария бөлімінің басшысы Абзал Қаратаев ветеринария саласындағы  2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы  жұмыстың ұйымдастырылуы туралы   төмендегі мәліметпен бөлісті.

- Ағымдағы жылдың алты айы ішінде  адамға және  жануарларға ортақ аса қауіпті індеттер тіркелген жоқ. 19 маусымға дейін жоспарлы  вакцинациялау  орындалғанымен,  диагностикалық  қан алу жоспары  Борсы, Талов, Жақсыбай  ауылдық округтерінде   орындалмай қалды.  Жалпы ірі қара малынан  қан алуда жылдық жоспар  32100 басты құрайды. Осы мерзімге дейінгі алты айдың ішінде 13839 бастан қан алынып, 161  басқа орындалмаған.  278 бас  бруцеллез  ауруына  шалдыққан, ол малдар  ет комбинаттарына өткізіліп, бүгінгі күні  тек тоғыз бас ауру мал қалды. Қой малына қатысты айтар болсақ, жоспарлы 28680 бас малдың 26379 –нан  қан алынып, 2301 басқа жоспар орындалмаған. Олар  тиісінше  Борсы ауылында 396, Ақобада  311, Жақсыбайда 324, Таловта 600, Тауда 394, Жәнібек ауылында 156 малды құрап отыр. Отыз үш бас оң нәтиже беріп, ауру қойлардың  үшеуінен басқасы  етке өткізілді. Бруцеллезге шыққан мал иелеріне  нарықтық құнның  50 пайызын өтеу  ақысы  төленіп келеді. 2014 жылы  22 млн.теңге төленіп, 9 млн. теңге облыстық  бюджеттен,  қалған 12 млн. теңге аудандық  бюджеттен   бөлініп, толық жабылды. Биылғы жылға 9 млн. теңге бөлініп тұр.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале