19.01.2016, 15:39
Оқылды: 22

Малы өскен, кәсіпкерлік өркен жайған ауылда

IMG_3153Қызылағаш ауылында аудан әкімінің орынбасары А. Сарқұловтың қатысуымен Аралтөбе ауылдық округінің әкімі З. Ерғазиеваның жылдық есеп беру жиналысы өтті.


Тұрғындармен кездесуде ауыл әкімі өткен жылғы атқарылған істерге тоқталды. Ауылдық округте сегіз адам тұрақты жүмысқа тартылған. Сексен тоғыз азамат қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылған. Сонымен бірге жиырма бес адам маусымдық жұмысқа алынған. Жиырма бір отбасының елу екі баласына жәрдемақы төленген.

Былтыр шаруа қожалықтары 1051 гектар жерге егін еккен, 8700 тонна шөп жиналған. Бір сөзбен айтқанда, тұрғындар мал азығынан таршылық көрмейді. Мал шаруашылығында алдыңғы жылмен салыстырғанда, өсім байқалады. Ірі қара 119, аша тұяқ 106 пайызға көбейген, жылқы саны да артуда.

Ауылда шағын кәсіпкерлік те өркен жайып келеді. “Жылқыайдаров Н” тігін цехында сегіз кісі еңбек етуде. Р. Урбисенованың наубайханасы ауыл тұрғындарын нан өнімдерімен қамтып отыр.

Кездесу барысында тұрғындар көшелерге су нүктелерін орнату, қоқыстарды тазарту, ауылға кіретін грейдерді ұзарту,  жастарға мәдени қызмет көрсететін клуб ашуды сұрады. Ауа райының қолайсыз, әсіресе, қыстың жылымық күндерінде жиі өшетін жарықты жөндеу жәйі де сөз болды.

Аудан әкімінің орынбасары алдағы уақытта грейдерді ұзартудың ойластырылатынын, жарық мәселесі де қолға алынатынын, ал клубтың жәйі жақын арада шешілмейтінін айтты.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ж. Сейілбаевтың спорт жабдықтарымен  көмектесуін сұраған өтінішінің аяқсыз қалмайтынын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Н. Төлеуішов,

Аралтөбе ауылы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале