20.06.2016, 10:55
Оқылды: 20

МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ – УАҚЫТ КҮТТІРМЕЙТІН МӘСЕЛЕ

МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ – УАҚЫТ КҮТТІРМЕЙТІН МӘСЕЛЕБиылғы жылы ауа райының қолайлы болып, жауын-шашынның мол түсуі Қазталов ауданында мал азығын дайындауға толық мүмкіндік беріп отыр. Бірақ осы мүмкіндікті біз толықтай пайдалана аламыз ба?


Осы орайда 17 маусым күні аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпановпен бірге Тереңкөл, Бірік және Бостандық ауылдық округтерін арлап, шөп шабу науқанының барысымен танысып қайттық.

Сергей Тоқпановты әңгімеге тартқанымызда,- ауданымызда орташа есеппен 52679 бас ірі қара, 22398 бас қой-ешкі, 19250 бас жылқы және 200 бас түйе малы өсірілуде. Бұл малды алдағы қыстан алып шығу үшін 327000 га шабындық жерден 180,0 мың тонна мал азығын дайындауды жоспарлап отырмыз. Ал облыстың белгілеп отырған жоспары бойынша 343,13 мың тонна мал азығы дайындалуы тиіс. Ал бұл мақсатқа жұмылдырылатын техника саны да жеткілікті. Ауданда 891 дана трактор, 729 тіркеме, 497 орақ, 111 шөп буатын агрегат бар. Бүгінгі таңда мал азығын дайындау басталып кетті. Шығымы гектарынан 5,5 центнер құраған 1,45 мың га шабындық орылып, 7,72 мың тонна өнім алынуда. Жоспар 4,3 пайызға орындалып отыр. Дегенмен, пішенге орақ салуды бастамай отырғандар әлі де көп. Нені күтіп отырғандарын білмеймін. Уақыттарын ұтымды пайдаланып, мол өнімді уақытылы шауып алу керек. Тілсіз жау мен дала зиянкестері бар дегендей, алда не болары белгісіз,-деп аяқтады өз сөзін сала басшысы.
Іссапар барысында көз жеткізгеніміздей Тереңкөл ауылдық округіне қарасты "Сең" шаруа қожалығы жетекшісі Нұрғазы Садықов, Бірік ауылдық округінің "Миялы" шаруа қожалығы жетекшісі Өтеу Бегжанов және Бостандық ауылдық округінің Нұрлан Нұғманов жетекшілік ететін "Екпін" шаруа қожалықтары ширақ қимылдап, өз шабындық жерлерін игеріп, біршама мал азығын жинап та тастаған. Жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Сонымен қатар көпжылдық шөп (жетняк) егу де ауданымызда қолға алынып жатыр. Соның бір айғағы Мырзалы қыстағында орналасқан Айгүл Бозымова жетекшілік ететін "Игілік" шаруа қожалығы 2014 жылы еккен көпжылдық шөптері биыл бітік шығып, шауып жатыр. 1 га жерден 15 центінерге дейін өнім алатын жағдайлары бар. Бұл басқа да шаруа қожалықтарына үлгі болар жұмыс.

www.zhaikpress.kz
Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале