4.09.2015, 9:02
Оқылды: 40

Мал азығын дайындау қатаң бақылауда

Janakala mal azigi    Малымен күнкөріс жасайтын жаңақалалықтар үшін қысқа жетерлік жем-шөп  қорын дайындау маңызды шаруа. Сондықтан бұл науқан үнемі бақылауда ұсталып отырады.

Жаңақала ауданы бойынша биылғы жылы 125,7 мың тонна табиғи мал азығын дайындау межеленген еді.

Күні бүгінге дейін науқанға 204 орақ қатысып, 295,5 мың гектар жердің шөбі орылды. Шөптің шығымы гектарына орташа 3,5 центнер болды. Биылғы жылы дайындалған мал азығы 82,5 мың тонна. Өткен жылдан 29,6 мың тонна шөп қалғанын ескерсек, бүгінгі таңдағы шөп қоры 112,1 мың тоннаны құрайды. Бұл қажетті мал азығының 90 пайызы.

Демек, әлі де аудан бойынша 13,6 мың тонна мал азығы дайындалуы қажет. Оған әрине, құнттаса уақыт та, оратын шөп те бар. Орақ әлі туарылған жоқ. Десе де жайбарақаттыққа салынбау керек.

Күні бүгін Пятимар (112,7 пайыз), Жаңақазан (110,8 пайыз), Мәстексай (105,4 пайыз), Жаңажол (100 пайыз) ауылдық округтерінде шөп дайындау межеден шықты.

Бірлік (82,2 пайыз), Қызылоба (80,7 пайыз), Жаңақала (80,4 пайыз), С.Меңдешев (80,0 пайыз), округтері 80 пайыз төңірегінде мал азығын дайындаған. Ал Көпжасар округі қажетті мал азығының бүгінге дейін 67,6 пайызын ғана жиып үлгеріпті.  Бір көңіл жұбатарлығы-бұл округ құмында шөп бар.

Күз басталды. Күздің жаңбырлы болып кетпесіне кім кепіл? Сондықтан, межеленген шөп қорын жасақтамаған округ шаруаларына ескертіліп, қысқа қамданысты жеделдету тапсырылды.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале