2.11.2015, 11:07
Оқылды: 14

Мал басын асылдандыруды қолға алмақ

 

Exif_JPEG_420

Жәнібек ауданындағы Күйгенкөл ауылдық округінің тұрғыны Біржан Күмілиев мал шаруашылығын дамыту мақсатында биыл Орал қаласындағы үйін кепілдікке қойып, жақында 3 миллион теңге несие алды.

«Көлтабан» елді мекеніне келгенімізде ол ауылдан екі-үш шақырым жайылымдағы малын қарайлап жүр екен. Онымен бірге сол өрістегі малға бардық. Жайылымдық жерде аталық, аналығы аралас 40 шақты ірі қара шөпті бырт-бырт күйсеп жатыр. Біржанның бұдан басқа 70 шақты қойы, 2-3 жылқысы бар. Биыл «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытына қатысып, мал басын бұдан әрі көбейтпек ниетпен несие алуды көздепті. Алған несиеге ауылдан 15 бас ірі қара, 40 рулон шөп сатып алған. Жемді Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында тұратын інісі жуырда жекелерден мал сатып алуға келгенде әкеліп тастайды. Өзінің айтуына қарағанда малы өсіп жатырса, асыл тұқымды бұқа сатып алып, ірі қарасын асылдандырғысы келеді. Сондай-ақ, алдағы күндері өзінің шаруа қожалығын ашып, төрт түліктің түр-түрін ұстаудың қамында.-Жұбайым екеуіміз ақылдаса келе, қарап отырғанша мал өсірейік деген ойға келдік. Кепіл жоқ болып, несие ала алмай жүргенмін. Қаладағы үйімнің құрылысы аяқталғасын соны кепілге қойдым. Мал баққаныма 30 жыл болды. Жұбайым да малмен көзін ашқан. Мына бағдарлама мал шаруашылығын дамытып, кәсібін ашамын деп талпынған жанға тиімді болып тұр. Пайыз мөлшері аз, малыңды өсіріп алу үшін мерзімді демалыс та береді,-дейді Біржан өз сөзінде.

www.zhaikpress.kz

Жәнібек ауданы

Н.Өтей.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале