29.09.2016, 10:52
Оқылды: 20

Мал басын көбейтпек

????????????????????????????????????

   Жәнібек ауданындағы Тау  ауылының тұрғыны Назымгерей  Ғаббасов үстіміздегі жылғы жазда «Жұмыспен қамту жол картасы -  2020» бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге несие алды. Осы несиеге ол ауыл тұрғындарынан  ірі қара саудалады.  Алдағы уақытта мал санын одан әрі көбейтіп, өсіріп, 4-5 бас ірі қараны бордақылауға қоймақ. Қазір 1800 дана тайлап буылған шөп сатып алып, ауласына үйіп қойыпты. Қыста мал қолға қарағанда бір адамды жұмыспен қамтымақ.


             -Бағдарламаның екі қолға бір күрек таба алмай, жұмыссыз жүргендерге берері мол. Пайызы төмен, оның үстіне каникулы да бар. Несие алуыма қол жеткізуге көмектескені үшін аудан әкіміне және аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры мен қызметкерлеріне ризашылығым мол,-дейді Назымгерей өз сөзінде.

                                                                                    Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале