24.03.2016, 13:20
Оқылды: 37

Мал-жан қыстан қысылмай шықты

????????????????????????????????????

   Жәнібек ауданы статистика басқармасының бізге берген мәліметі бойынша үстіміздегі жылғы 1-наурыздағы есепке сай 1863 бұзау, 3903 қозы, 574 лақ, 304 құлын бар. Биылғы қыстаққа  30293 ірі қара, 58265 қой, 5081 ешкі, 9418 жылқы, 89 түйе тұрып, қыстан аман шыққан. Қыс бойы малдан шығын болмаған.


             Аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Роберт Биғалиев берген ақпаратқа сәйкес өткен жылғы жаз айларында аудан бойынша 83 мың тонна шөп дайындалса, күні бүгін соның 24 мың 500 тоннасы қалған. Бұл жер кеуіп, мал көкке ілінгенше жетеді деген сөз. Оның үстіне биыл ақпан бойы күн жылынып, қар еріп, ауылдық округтерде мал далада жайылып, шөпке біраз үнем болды. Қазірде ауылдың малы өрісте жүр.

             -Мал қыстағына шаруа қожалықтары жемді де біршама дайындап алды. Мәселен, Ескендір Елемесов жетекшілік жасайтын «Әлем» ШҚ 690, Талов ауылындағы «Равиль» және  «Құбаш» ШҚ сәйкесінше 200, 70, Қамыстыдағы «Талғат» ШҚ  55 тонна арпаны көршілес Волгоград, Саратов облыстарының шаруашылықтарынан алды. Сондай-ақ,  аудандағы 150 ШҚ-ның әрқайсысы 5-10 тонна,  жеке тұрғындар да кем дегенде осы шамада жем алды. Былтыр жаздай жемнің 70 пайызы Ресейден алынды. Ал Оралға, Атырауға, Ақтауға мал тапсырған шаруа қожалықтары қайтарында жемді Орал қаласы маңындағы шаруашылықтардан  сатып әкелді,-дейді аталмыш бөлім басшысы.

www.zhaikpress.kz

                                                                                Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале