10.10.2016, 11:35
Оқылды: 37

Мал тұқымын асылдандыру заман талабы

????????????????????????????????????

  Қаратөбе аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдраш  қазанның 6-сы күні аудандағы асылтұқымды мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарында болды.


   Сала басшысы ең  әуелі ауданның оңтүстігіндегі Сулыкөл ауылдық округінің Үшана, Төлен елдімекендеріндегі  «Ақберен»,  «Еркебай» шаруақожалықтарында, түстен кейін ауданның Жусандыой ауылдық округіндегі «Думан» шаруа қожалығында болып, шаруашылық жетекшілерімен кездесті.

   Ауылшаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне көзі жеткен көкірегі ояу іскер жандар бүгінде шаруашылығын өркендетіп, жайлымы малға толы  ауқатты адамдардың қатарынан көрінуде.

  Сулыкөл ауылдық округінің «Еркебай» шаруа қожалығы  бастапқыда Ресейден сиырдың осы етті тұқымының  30 шақты қашарын сатып әкелген .  Кейіннен  Ақмола облысынан тағы да 16 бас сатып алған.  Сонымен қатар қожалық өрісі  асыл тұқымды «Қазақстың ақ бас сиырына» толы.

     Жусандыойдағы «Думан» шаруақожалығы сиырдың етті тұқымы «Әулиекөл» тұқымының екі бұқасын сатып алған. Сонымен бұл шаруашылық  «Көшім» жылқысы тұқымынан бес айғыр сатып алып бағуда. Шаруашылықтарда қызу еңбек жүруде. Шаруасын жоспарға сай ұымдастырып отырған аталмыш қожалықтар алдағы қыс айларына жеткілікті  шөпті  жинап алған. Енді қора жайларын  қысқа дайынауда.

   Атйулы  шаруашылық тың екеуі де  мемлекеттік бағдарламаға сай  электр энергиясын пайдаланып отыр.

                                                                       Ерболат РАЙСОВ

                                                                        Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале