2.08.2015, 10:09
Оқылды: 30

Мал шаруашылығы: істі мардымды, сауатты жүргізу керек

Akajyik mal sharuashiligi     Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов «ҚазАгроҚаржы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық өкілдіктерінің, аудандық мекеме, ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ауылдық округ әкімдерімен және ауылшаруашылық құрылымдары жетекшілерімен кеңес өткізді.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Сердалин мал шаруашылығының даму барысы туралы баяндама жасады.

Елбасының тікелей қолдауымен 2011 жылы қабылданған «Ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін дамыту» және «Агробизнес – 2020» кешенді жобалары бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына көмектің түрі де ұлғаюда.

Бағдарлама басталғалы, яғни, 2011 – 2014 жылдар аралығында шаруаларымыз асыл тұқымды 1545 бас мүйізді ірі қара (539 аталық, 1006 қашар), 172 жылқы, 1543 ұсақ мал, 2015 жылдың өткен уақытында асыл тұқымды 210 бұқа, 57 қашар, 40 қошқар және 15 айғыр сатып алды. Бұқашықтар табындағы ата тегі белгісіз, өнімділігі төмен түлікті тұқымдық жаңғырту, тектілігін арттыру мақсатында сіңіре будандастыру үшін пайдаланылуда. Селекциялық және асылдандыру жұмыстарына қатысатын шаруа қожалықтары саны еселеп өсуде. 2012 жылы олардың 44-і 3374 аналыққа, 2013 жылы 92-сі 7711, 2014 жылы 172-сі 11055 аналыққа демеуқаржы алуға қол жеткізді. 2015 жылы осы бағдарламаға ауданның 205 шаруа қожалығы 12500 бас аналықпен қатысуда. Аудандағы 28815 бас аналық малдың күні бүгінге 34,8 пайызы ғана тұқымдық түрлендірумен қамтылған, яғни бұл бағытта әлі де белсендірек жұмыс қажет. Сонымен қатар, қойға селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізгендері үшін 2013 жылы 3 шаруашылық 2035 аналыққа 3 млн. 052 мың теңге, 2014 жылы 12 шаруашылық 7759 басқа 11 млн. 638 мың теңге көлемінде субсидия алды. 2015 жылы осы бағдарламаға ауданның 21 шаруа қожалығы 14940 баспен қатысады деп күтілуде.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале