1.09.2016, 13:59
Оқылды: 16

Мал ұрлығынан залал жүз миллион теңгеден асты

????????????????????????????????????

   Биылғы 7 ай ішінде облысымызда 4712 ұрлық дерегі тіркелсе, оның 3,8 пайызы, яғни,  324-і мал ұрлығына қатысты екен. Нақты айтқанда, 908 мал ұрланса, соның 575-і табылып, иелеріне қайтарылған. Бұған қатысты қылмыстың 63,3 пайызы ашылып отыр.


   Жоғалған малдың 224-і – ірі қара, 303-і – жылқы, 432-сі – уақ жандық екен. Жалпы келтірілген залал – 104 млн. 392 мың теңге. Бұл жайында «Қазақстан-Орал» телеарнасында өткен брифингке қатысқан облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Кенжебек Қоспаев мәлімдеді. Оның айтуынша, ауылдық жерлерде мал бағымының дұрыс ұйымдастырылмауы қылмыстың орын алуына себеп болуда. Сондықтан учаскелік полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, тұрғындарға малын иесіз қалдырмауды ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

   Облыстық прокуратура бөлімінің аға прокуроры Темірлан Абдықұлов соңғы үш жылда мал ұрлығына қатысты 2,5 мың дерек тіркелгенін, 4 757 бас мал қолды болғанын айтты. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының бірлесуімен жасалған «Қылмыстық құқықбұзушылық картасы» негізінде қылмыстың алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Нуртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале