21.09.2015, 16:02
Оқылды: 27

Мал өнімдері мол

JAnibek mal onimderi mol   Жәнібек ауылындағы орталық базарда бүгін де азық-түлік тауарлары көп болды. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Наталья Сажинаның бізге берген мәліметі бойынша, Ақоба, Күйгенкөл ауылдық округтерінің әрқайсысынан бір-бір бас ірі қара мал сойылып сатылса, Жәнібек ауылынан 3 бас ірі қараның еті сатылған.  Сондай-ақ  Жәнібек, Ақоба, Тау ауылдық округтерінің әрқайсысынан 2 бастан, барлығы 6 қой сойылып, жәрмеңкеге әкелінген. Ірі қара мен қой етінің келісі тиісінше 800-900 теңге аралығында. Ал тұрғындардың тірілей әкеліп сатқан тоқтылары 14-16 мың теңге. Тау, Қамысты ауылдарынан  әкелінген  айранның бір құтысы 150, ірімшік 300, сүзбе 300 теңге болды.

Жәрмеңкеде бақша өнімдерінің бағасы бұрынғыдай. Тау ауылындағы «Дәурен» ШҚ қияр, асқабақ, қызанақ, қарбыз, қауынның келісін сәйкесінше 120, 60, 70, 25, 80 теңгеден қойып сатты. Көршілес Ресейдің Николаевка ауданының Вербенское селосынан келген кәсіпкер қарбыздың келісін 25 теңгеден саудалады. –Алдағы жәрмеңкеде арзан бағамен картоп, пияз, сәбіз әкеліп сатамын,-дейді ол.

Аудан әкімінің орынбасары және әлеуметтік маңыздылығы бар тауарлардың бағасын  тұрақтандыру жөніндегі аудандық комиссия төрағасының орынбасары Біржан Қуаналиев бастаған жұмыс тобы жәрмеңкені аралап, азық-түлік құнын пайымдады.

www.zhaikpress.kz

 Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале