25.05.2015, 19:32
Оқылды: 40

Мамыр айында облыстың су айдарында 6 адам қаза болды

C

Су – тіршілік көзі, өмірдің нәрі. Жаз мезгілінде өзен, көл жағасында жақсы дем алып, уақытты жақсы өткізуге болады. Алайда, өкінішке орай, көп жағдайда суда қайғылы оқиғалар орын алып отырады.

Ағымдағы жылдың өзінде 1 сәби  суда қаза болды. Судағы адам қазасының негізгі себептері: суға мас күйінде түсу, балалардың үлкендердің қарауынсыз суға түсуі және жүзе білмегендік. Жыл мезгілі бойынша судағы қайғылы оқиға күннің ыстық кезі және оқушылардың жазғы демалыс уақыты кезінде тіркеледі.

Суда қайғылы жағдайға жол бермеу мақсатында ТЖ мамандары ескертеді:

су жағасында спирттік ішімдік ішкен күйде өз ісіне есеп бермей, суға түсудің соңы қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін. Сондықтан суға түспес бұрын өз өміріңді, өзіңе жақын адамдарыңды ойла.

Құрметті ата-аналар, бала - біздің болашағымыз, ұрпағыңыздың жалғасы. Әрдайым балаларыңызды қадағалап жүріңіз, «От пен судың - тілсіз жау» екендігін есте сақтаңыз.

«Сақтансаң - сақтармын» дегендей, суға түскен кезде үнемі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап жүрелік. Әр адамның өмірінің қауіпсіздігі өз қолында.

Тұрғындарға соңғы 12 жыл ішінде суда орын алаған төтенше жағдайлар талдауын ұсына отырып, су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалармен таныстырғымыз келеді.

www.zhaikpress.kz

                                   М.Отаров

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале