13.05.2015, 17:49
Оқылды: 22

Марат Ілиясов - Сырымда

Sirim M iliasov  ҚР еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының, Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты Марат Ілиясов пен шәкірттері, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары Нұрсұлтан Болат, Бөрібек Расуловпен бірге «Шырайлы өлкем» атты шығармашылық кешімен Сырым ауданында болды.

    Кеште Марат Ілиясовтың көптің құлағынан кіріп, бойды алған «Мерекем», «Сезім», «Қазақы дастарқаным», «Өкпелемеймін»,  «Анама», «Сұлуым», «Достарым» әндері әуеледі.

    Сазгердің шәкірттері де ән шығарады, сөздерін де жазып, әрлеуін де жасайды екен. Жас әнші-сазгерлердің шығармалары да сырымдықтардың жүрегінен орын ала білді. Нұрсұлтан Болат «Отаным – қазақ елі», «Досым-ау», «Жан ана», «Алло», «Жұмбақ қыз», «Себебін сен білерсің», «Жезделер» әндерін орындады. Нұрсұлтанның шырқаған  той әндерінен попурриіне зал  билеп, кеш көрігін қыздыра түсті. Ал вальс королі Шәмшінің әндерін сырымдықтар бірге қосылып шырқады. Бөрібек Расулов Сырымның өнерсүйер қауымын биімен таңқалдырды. Бөрібектің «Тәттім», «Қазақ қыздары», «Сағындым», «Алтын жеңгелер», «Алғашқы махаббат», «Кеш жолыққан жаным», «Кім білсін?» әндері биге сұранып тұрғандай еді.

    Марат Ілиясовтың кешінде Жымпиты жұрты әдемі әнге елітіп, билеп, бір демалып қалды.

   Шара соңында аудан әкімі Абат Шыныбеков Марат Ілиясовтың әндерімен бірнеше ұрпақ өсіп келе жатқанын айтып, әнші-сазгерге алғыс хат пен естелік сыйлық тарту етті.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале