5.09.2016, 10:09
Оқылды: 22

Марафон мәреге жетті

karatobe marafonЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қаратөбе ауданында қашықтығы 3 шақырымдық көпшілік марафон өтті.


Көпшілік марафон бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастырып, ауыл тұрғындарын спортқа тарту мақсатында өткізілді.

Спорттық шарада алғашқы сөз сөйлеген аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мербол Есендосов марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қатысушылар С.Датұлынан бастап М.Нысанов, Мұхит, Ғ.Құрманғалиев көшелерімен жүгіріп өтті. Марафонға 120-ға жуық  спортшылар қатысты.

3 шақырымдық қашықтықты бағындырған жүгірушілер арасында «Ардагер спортшы» аталымымен Есен Ғұмаров, Нұрлан Меңдешов, «Жас спортшы» аталымымен Назымгүл Шалабай, Абылай Нұрлыбаевтар марапатталды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале