10.06.2015, 16:13
Оқылды: 15

Марихуанамен ұсталды

1-суретСайқын ауылындағы Х.Чурин көшесінде орналасқан «Динара» жеке дүкенінің алдындағы қоғамдық орында спирттік ішімдік ішіп тұрған Е.Хайрошевті полиция қызметкері ұстап, сол жерден куәгерлердің қатысуымен тінту жасағанда, оның шалбарының оң жақ қалтасынан газет қиындысына оралған жасыл түсті шөп тәрізді зат табылды.

Зерттеуге ұсынылған бұл зат сарапшының қорытындысында (18.05.2015 жылғы №634) есірткі – кептірілген марихуана және темекінің қосындысы (жалпы салмағы 1,78 грамм, қосындыдағы кептірілген марихуананың салмағы 1,7 грамм) болып шықты. Айыпталушының айтуынша, ол мұны теміржол бекеті қасынан тауып алып, ашып қараған кезде марихуана екенін көріп, пайдалану үшін қалтасына салып алған.

Істі қараған аудандық сот жинақталған деректерді тұжырымдап, Е.А. Хайрошевті ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен айыпты деп танығанымен, оның өз еркімен шын жүректен өкінуін ескеріп, оған 49 550 теңге айыппұл салды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале