17.11.2015, 11:43
Оқылды: 31

Мас күйінде автокөлік айдап, екі адамның өліміне себепкер болған жүргізуші қамауға алынды

Mas kyinde mashina aidagan  Теректі аудандық сотының тергеу судьясы ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталып отырған Ш. деген азаматқа қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінімді қанағаттандырды.

Теректі аудандық сотының төрағасы Марат Мәліковтің хабарлағанындай, күдікті орта дәрежелі мас күйінде «Лада Гранта» автокөлігін айдаған. Шымкент-Самара күре жолы бойында Барбастау елді мекені тұсында қарсы бетке шығып кетіп, «Шевроле Нива» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Соның салдарынан «Шевроле Нива» автокөлігінің жүргізушісі мен «Лада Гранта» жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сол күні Ш. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 131-бабына сәйкес ұсталып, облыстық клиникалық аурухананың арнайы палатасына жатқызылды.

Күдікті адамдар өліміне қатысты қылмыс жасағаны үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Сондықтан судья оның тергеу мен соттан бой тасалауы мүмкін деп тауып, қамауға алу жөнінде қаулы шығарды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, аталған оқиға 10 қараша күні кешкі сағат 19.00-де орын алған болатын.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале