30.10.2015, 11:02
Оқылды: 18

Мас күйінде көлік басқарған

лишениеТасқала аудандық соты азамат Д.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 7-тармағы бойынша  құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Азамат Д. көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екенін біле тұра,  бір жылға жетпейтін уақыт ішінде қайтадан көлікке отырған.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, тентек суға сылқия тойып алып, мас күйінде көлік басқарғанын дәлелдеді.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Д.-ға ҚРӘҚБтК-нің 608-бабы 7-тармағымен құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

www.zhaikpress.kz

Г.Молдашев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале