3.08.2016, 17:14
Оқылды: 41

Махамбет кесенесіне сапарлады

Ақжайық ауданының Базаршолан ауылынлағы Ғабдолла Махамбетов атындағы орта мектеп оқушыларының үлкен тобы Атырау облысындағы Махамбет Өтемісұлы кесенесіне барып, тәу етті. МахамбетОлар қаншама уақыт өтсе де ерлігі, өршілдігі және жасын жырлары халқының жадынан өшпейтін ер туралы дала төсінде өздерін осы сапарға бастап барған педагогтар Р.Есқұлов пен А.Үмбеталиеваның дәрістеріне ықыласпен ден қойды. Махамбет серік болған Исатай батырдың күрескерлік рухы жайында да сөз сапталды. Осы 4 – 7 сынып оқушылары Атыраудың Индер ауылындағы мұражайда да болып, тарихтың терең қатпарларына қанықты.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале