22.05.2015, 11:10
Оқылды: 20

Мақсаты мығым «Медет»

Akjayik Maksati migim     Бүгінде «Медетте» 2 «МТЗ-80», «ДТ-75» тракторлары, «ГАЗ-53» автомашинасы, 2 шалғы, 2 тіркеме, 1 стогомет, т.б. техникалары қашанда сақадай сай. Трактордың артқы берілісінен күш алатын дәнекерлеуші көшпелі аппарат та көп мұқтажын өтеп жатыр. Осы құралдарының арқасында қысқа қажетті мал азығын жыл сайын артығымен жинап алып жүр.

Арасында ауылдас ағайындарға да көмектесіп қояды. Қалаға, ауданға қатысу үшін үлкен баласы Нұрхат пен өзінде жаңа жеңіл автокөліктері бар. Осының бәрі малдың арқасы. Қазір бағымда 112 бас ірі қара, 130-дай уақ жандық бар. Олардан қазір 42 бұзау, 63 қозы алынды. Мал төлдету жалғасып жатыр. Түлікке түлік қосылуда.

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале