9.06.2015, 18:53
Оқылды: 21

Маңызды мәселелер тіні тарқатылды

2-суретБөкей ордасы ауданының әкімі Н.С.Рахымжановтың қатысуымен өткен Сайқын ауылы тұрғындары жиынының күн тәртібіне үш мәселе ұсынылды. Атап айтқанда, ауылдық округтің шекарасы; төтенше жағдайлардың алдын алу туралы; ішкі мәселелер.

Бірінші мәселе бойынша хабарлама жасаған «Орда» шекара заставасының жаңа басшысы А.Қ. Социалов жиынға қатысушыларға шекаралық аймақтың тәртібі жөнінде түсінік берді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу туралы хабарлама жасаған төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлімнің басшысы Тұрарбек Апақаев өткен және биылғы жылғы орын алған төтенше жағдайдан, негізінен өрт оқиғасы жөнінде дерек келтірсе, округ әкімі Бисенбек Насимоллин жалпы ауылдың, тұрғындар ауласының тазалығына қатысты сөз қозғады.

Жиында сөз алған А.Исалиев, Ә.Ғаббас, Т.Мағзомова, Н.Иманғалиев, Н.Қадымов, С.Таңатов, Ч.Қойшыбаевтар қаралған мәселелерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале