18.04.2016, 17:18
Оқылды: 17

Маңызды мәселелер қаралды

Janibek manizdi maseleler karaldi   Бүгін  Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезекті екінші сессиясы өткізілді. Сессияда аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Нұрлыбек Мұстаев ағымдағы мерзімде аудан бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын қалыпты ұстау барысы туралы, Қамысты ауылдық округінің әкімі Асқар Сәрсенғалиев ауылдық округтің ағымдағы уақытта әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы жөнінде қаралды.


      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қошанова аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгеріс енгізу жөнінде және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдарбек Жұманиязов ауданда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу жайлы хабарламалар жасады.

     Сондай-ақ, сессияның күн тәртібіне «Жәнібек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аудандық комиссиясы туралы және басқа да мәселелер ұсынылып, депутаттардың бірауыздан дауыс берулерімен бекітілді. Аудандық мәслихаттың сессиясына аудан әкімі Мұрат Мұқаев қатысып сөз сөйледі.

www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале