30.06.2015, 12:25
Оқылды: 19

Маңызды құлшылық айы

Janibek manizdi kylshilik ayi    Кеше Жәнібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ветеринария, кәсіпкерлік бөлімдері мен «Шұғыла» газетінің редакциясы аузын бекіткен жандарға ауызашар ұйымдастырып, олардың сауабын алды. Аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтса, аудандық  газеттің директор-редакторы Ахмедияр Батырханов пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хайырлиев Рамазан – періште пейілдің салтанат құратын, ораза ұстаған жандарды төзімді, сабырлы болуға үндейтін, Алланың нұр-шапағатына бөленген жандарды қайырымды болуға баулитын мейірім айы екендігіне тоқталып, ауызашарға жиылған барша жамағатқа оразаларының қабыл болуын тіледі.

www.zhaikpress.kz

                                                                                      Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

                                                                                                  Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале