21.06.2016, 10:40
Оқылды: 23

Мегажоба жалғасын табуда

 Мегажоба жалғасын табуда      «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясындағы шаралар жалғасын тауып, бұл жолы Күйгенкөл ауылдық округінің делегациясы Қамысты ауылына сапарлап барды. Еліміздегі ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті жан-жақты насихаттауды мақсат еткен мегажобаның ашылу салтанаты Мәдениет үйінде оздырылып, онда Күйгенкөл және Қамысты ауылдық округтерінің әкімдері Алия Оспанова мен Асқар Сәрсенғалиев құттықтау сөз сөйледі.


   Мұнан кейін делегация мүшелері Қамысты ауылының әлеуметтік нысандарын аралап, білім және мәдениет ошақтарының қызметкерлерімен өзара тәжірибе алмасты.

        Мегажоба шеңберінде оздырылған шара ел бірлігін, ұлттар достығын паш еткен концерттік бағдарламамен көркемделді. Шара соңында сөз алған Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі Алия Оспанова қазақы дәстүрмен қарсы алып, ілтипат танытқан қамыстылықтарға ризашылығын білдіріп, естелікке картинаны сыйға тартты.

www.zhaikpress.kz
Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале