29.06.2016, 13:58
Оқылды: 24

Мегажоба Зеленов ауылдарын аралап жүр

megazhoba«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы Зеленов ауданының Железнов ауылына жетті.


Бұл елге Махамбет, Мичурин және Краснов ауылының делегациясы келді. Ауылдар арасындағы ынтымақтастықты артып, еліміздегі бейбітшілікті нығайта түсуді мақсат еткен достық концертінің ашылу салтанатында сөз алған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұржан Ешмұратов жиналғандарды ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, достығымыз мәңгі болсын деген тілегін жеткізді.

Концерттен соң сахна төріне Мичурин ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы Махмуд Құсайынов шығып, ақ тілегін білдірген соң, мега жоба эстафетасын Железнов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ақерке Досқазиеваға ұсынды.

www.zhaikpress.kz
Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале