10.06.2016, 12:14
Оқылды: 31

Мегажоба Мерейде

megazhoba mereide   8 маусым күні «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» аясында өткізіліп келе жатқан мегажоба биыл  Мерей ауылдық округінен бастау алды.


   Бұл  игі шараға Тасқала ауылының бір топ делегациясы қатысты. Мегажобаның ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева  сөз сөйлеп, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқандарды еске алып, ескерткіш басына гүл шоқтарын қойып, ауылдық әкімдігінің ауласына естелік ретінде жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды. Одан әрі ауылдық әкімдіктің ғимаратында еңбек ардагерлерімен бас қосып, дөңгелек үстел басында еліміздің тыныштығы мен ұрпақ тәрбиесі туралы әңгіме өрбітті. Шараның екінші бөлімі ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тапты.

     Шара соңында  Тасқала ауылдық округі әкімі Светлана Өтемісова «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының эстафетасын салтанатты түрде Мерей ауылдық округінің әкімі Қазихан Тәшімовке табыстады. Айта кетейік, алдағы жұмада мерейлік делегация Ақтау ауылына жол тартады.

www.zhaikpress.kz
Гүлстан Кагирова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале