13.06.2016, 17:56
Оқылды: 20

Мега жобаға округтер үн қосуда

Terekti mega joba    Республикалық "Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы" мега жобасы аясында Теректі ауданы Приречный селолық округі өнерпаздары Богданов селолық округінде болды.

   Аталмыш шараға аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы М.Жақсыбеков қатысып, мега жобаның маңыздылығын атап өтті.


    -Мега жобаның маңызыдылығын  сіздер жақсы білесіздер. Округтер бір-бірімен пікір алмасып, жетістіктерін таныстырып, болашаққа жоспар құрады. Мега жобаның аты айтып тұрғандай, бұл татулық пен достықтың, келісім мен бейбітшіліктің шарасы. Елімізге 25 жылдан бері тыныштық орныққан. Баға жетпес байлықтың қадірін түсінуіміз керек. Қаншама күштер еліміз бен жерімізге іріткі салуға талпынғанмен, біздер достық пен ұлттар арасындағы бірілктің арқасында өткінші қиындықтарды жеңеміз. Бүгінгі қуаныш, орны бөлек ғажап жобаның округ тұрғындарына да жеткені дұрыс деп есептеймін,- деді өз сөзінде М.Жақсыбекұлы.

    Приречный селолық округінің сәлемін әкелген С.Сұлтангереев, Е.Леспаев, А.Жұмағалиева, Н.Төлегенова, Д.Насихов, З.Захаренко тағы басқа өнерпаздар әсем әннен шашу шашып, мың бұрала биледі. Концерттік бағдарлама соңында Приречный селолық округі әкімі М.Жұмағалиев мега жобаның эстафетасын Богданов селолық округі әкімі Ә.Әубәкіровке табыстады. Енді Богданов округінің жұртшылығы Покатилов округіне ат басын бұратын болады.

    Концерттік бағдарламадан бөлек "Мәңгілік ел" тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, жиылған көрермен сан ұлттың тағамдарынан ауыз тиді.

   Округтер бойынша Долин селолық округі бастап, Приречный селолық округі қостаған мега жобаға ауданымыздың барлық округтері үлестерін қосатын болады.

www.zhaikpress.kz

Әділет ЗЕРЕ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале