17.09.2015, 10:36
Оқылды: 18

Медиахолдингтің жаңарған сайты таныстырылуда

презенБүгін «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалының ғимаратында «Жайық Пресс» ЖШС-нің ақпарат орталығының www.zhaikpress.kz сайтының жаңартылған нұсқасының таныстырылымы өтуде. презентМедиахолдинг бұған дейін құрамындағы облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» және он екі аудандық газеттің сайттарын бір серверге біріктіріп отырған болатын. Алайда медиахолдинг ұжымы заман талабына сәйкес, әр газетке жеке сайт ашуды жөн деп тапты. Алайда бұл сайттардың барлығы www.zhaikpress.kz сайты арқылы өзара байланысады.
Медиахолдинг басшысы Жантас Сафуллиннің кіріспе сөзінен соң «Орал өңірі» газетінің бөлім басшысы Нұрлыбек Рахманов пен «Приуралье» газетінің тілшісі Галина Самойлова жиынға қатысқан аудан әкімдерінің орынбасарларына сайт құрылысын таныстырып өтті.

Айгүл Ахметова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале