11.10.2016, 10:02
Оқылды: 13

Медициналық сақтандыру мәселелері түсіндірілді

 %d0%bc%d0%b5%d0%b4%d0%b8%d1%86%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d1%81%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%bc%d3%99%d1%81%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d1%80%d1%96-%d1%82      Жәнібек аудандық мәдениет үйінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндіру және ақпараттық жұмыстарын іске асыру мақсатында тұрғындармен жиын өткізілді.


  Жиынды ашқан аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин Елбасының бекіткен «Бес институционалды реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарының 80-ші қадамында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу міндеті қойылғанын, бүгінгі таңда елімізде осы міндеттерді жүзеге асыру тәртібі мен тетіктерін түсіндіру жөніндегі жұмыстар қолға алынып, ауданымызда да бұл бағытта аудан әкімі жетекшілік ететін аудандық штаб құрылғанын баян етті.

   Басқосуда медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Серік Жалмұқанов талқыланып отырған мәселенің маңыздылығына тоқталып, бұл тұрғыда жұртшылық арасында кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне арналған басқа мәліметтермен таныстырды. Сондай-ақ жиында міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы аудандық орталық аурухана директорының орынбасары Бірлес Ихсанов, тұрғындарды әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамту жөніндегі шаралар жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мейрамбек Ибатов хабарламалар жасады.

  Жиынды аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин қорытындылап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне арналған мұндай ақпараттық түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта әр тұрғынның санасына жеткенше  жүргізілетінін атап көрсетті.

                                                                                        Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале