16.06.2016, 12:23
Оқылды: 62

Медицина қызметкерлері күні аталып өтілді  

????????????????????????????????????

Бүгін аудандық мәдениет үйінде елімізде жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтілетін Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік салтанатты шара оздырылды.


 

–Қаратөбе орталық аудандық ауруханасы 1998 жылы пайдаланылуға берілген типтік ғимаратта орналасқан. Соңғы үш жылда ауданымызға жоғарғы білімді  10 жас маман келді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2 дәрігер үй алып, қызметтік пәтермен 3 дәрігер қамтылды. Жергілікті 4 дәрігер ата- анасымен бірге  тұрып қызмет етуде.

Аудандық орталық аурухана құрамында кеңесші - диагностикалық бөлімше,  1 отбасылық денсаулық орталығы, 5 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік - акушерлік пункт, 9 медициналық пункт, 50 кереуетті тәуліктік стационар және 60 кереуетті күндізгі стационар қызмет етеді. Аудан халқына 22 жоғары білімді дәрігер, 116 орта буынды медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетіп келеді, - атап өтті ауданның бас дәрігері Зейіл Жөкенұлы.

Аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов,  «Нұр Отан» партиясының Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшысы Аманша Төлеуұлы, аудандық орталық аурухана директоры Зейіл Мағзомов медицина  қызметкерлерін айтулы мерекелерімен құттықтады.

Адам  жанының  арашашысы бола білген жандар аудан әкімінің, «Нұр Отан» партиясының, аудандық орталық ауруханасының  алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекеге орай, аудандық орталық аурухана ұжымының сазды бағдарламасы қойылып, барша ақ халатты абзал жандарды шаттыққа бөледі.

www.zhaikpress.kz
Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале